Отанға алғыс айтатын күн

4083

0

 Шұғылалы көктемнің алғашқы айы адам баласына қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мерекеге толы.

Елімізде үшінші мәрте тойланатын бұл күннің атауына аз мерзім  толса да, тарихы терең, мағынасы зор.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, наурыз айының 1-ші жұлдызы Алғыс айту күні болып бекітілді.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні ретінде тойланады.
Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер мен діндерді тоғыстырған, 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерін құрайтын көпұлтты, зайырлы мемлекет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностар бір-біріне мейірбандық танытса, бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір – біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Сондықтан да, Алғыс айту күні-біздің ортақ тарихымызды құрметтеудің және қастерлеудің белгісі, әр алуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған қазақ жеріне,  кең пейілді қазақ халқына ілтипатылығының белгісі.
Осы бағытта қоғамның басты құндылығы саналатын
бостандық, тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың күзетіне қауқарлы
қазақ әскерінің санатында да,  әр түрлі ұлт өкілдері қызмет атқарады.
Отанның антына берік, армиямыздың қарыштай дамуына өз үлестерін қосуда. Бұл дегеніміз – патриотизм мен татулықтың нышаны.
Қазіргі таңда Қызылорда гарнизоны аумағында әскери бөлімдермен, әскери мекемелер орналасқан. Әскери қызметшілер арасында орыс, өзбек, татар, әзірбайжан, кәріс секілді бауырлас ұлт өкілдері қызмет атқарады.
Олардың бойынан салт дәстүрімізге, ана тілімізге құрметін және ұжымдастарымен бірлігінің мықты екенін байқадық.
Әскери қызметшілер үшін бұл күн ең алдымен, Отанға, Жер анаға  алғыс айтатын күн. Қазақ даналары «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді. Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын қолдай отырып, бірлігіміз жарасқан  мемлекет болуға талпынғанымыз жөн!
Қ. Рахматулин,
Қызылорда гарнизонының әскери
прокуроры әділет майоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<