Профилактикалық шаралар ұйымдастырылуда

525

0

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі Қызылорда облысының ведомствоаралық штабының және облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының іс-шаралар жоспарларының талаптарын орындау мақсатында «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін» тақырыбында оқушылар арасында шығармашылық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа 10 – 18 жас аралығындағы 141 жасөспірім қатысып, өздерінің есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерімен бөлісті. Сайысқа тапсырылған эсселерді талдай отырып, сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды деп айтуға болады.
Құрылған сайыстық комиссия шешіміне байланысты 141 қатысушының ішінен 20 сайыскер ынталық танытқаны үшін, 10 сайыскер аймақтық жеңімпаздар, ал 3 сайыскер облыстық жеңімпаз болып табылды.
Облыс жеңімпазы атанып, 1 орынды Шиелі ауданы №46 мектеп-лицей оқушысы Санжар Кемелбай иеленді, 2 орын Жаңақорған ауданы №52 орта мектеп оқушысы Аяла Асханға бұйырды, 3 орынға Қызылорда қаласынан №3 мектеп – лицей оқушысы Фариза Қадыр лайық деп танылды.
Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<