Қолдау бар, тек еңбектену керек

928

0

Мемлекет тарапынан ауыл-аймақта тұратын көпбалалы аналарға жеке кґсіп бастауға қолдау бар. Қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие қарастырылған. Білім алып, кґсіптік сауаттылығын арт­тыра алады. Бұл жағдай ауылдағы ағайынды қуантып тастады. Іске талпынған ґйел­дер  үшін мұндай мүмкін­діктер отбасының табысын еселеп, аналардың үйде оты­рып-ақ жұмыс жасауына жол ашты.

Қаржылай қолдаудың игі­­лігін көргендердің бірі – Шолпан Қалиева.  Ол Жа­лағаш ауданы Шәменов ауылында тұрады. Көпбалалы ана «Алтын алқа» иегері. 8 ұл-қызын тәрбиелеп отырған  батыр ана 2001 жылы ауылдан азық-түлік дүкенін ашып, кәсіп бастаған Шолпан шар­уасы ілгерілеп, ісі оңалған соң, мал шаруашылығына бет бұрды. Кәсібін дөң­геленту үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысты.  2015 жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша  9 процентпен 10 млн теңге несие алды. Бұл қаржыға жергілікті жерден 36 бас жылқы сатып алынды. Қора-жайын ретке келтіріп, қамбар ата тұқымын көбейтті. Жылқылардың басым бө­лігі жайылымда, үйірге қо­сыл­ған. Үйде сауылатын биелер бапталады. Шолпан аптасына бір рет тоғай ара­лап, малын түгендеп келеді. Шаруашылығын да­мы­туды көздеген ол уақыт өте келе тағы да мемлекеттің қолдауына жүгінді. Ондағы ойы – мал басын еселеу. Осы мақсатта 2017 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы ая­сында Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан 6 процентпен 4 млн теңге несие алып, ісін ширатты.  Қыстың қамын жаз ойлайтын ол қазір жем-шөбін дайындауға кіріскелі отыр.

«Мал баққанға бітеді» деп бекер айтылмаған. Ол тынымсыз еңбектің арқасында тындырымды шаруа атқарды. Балалары да анасына қолғабыс етеді. Берекелі ісі жемісті болғанына көпбалалы ана дән риза. Үй шаруасы мен кәсібін қатар жүргізген Шолпанның әрекеті ауыл тұрғындарына үлгі. Шаруа ендігі жерде мал азығы өндірісін  іске асырып, шығын көлемін азайтпақ. Жыл сайын құлындарын жер­гілікті шаруаларға сатады. Түскен қаржысына кем-кетігін түгендейді.

– Ниет болса, екі қолға бір күрек қашан да табы­лады. Қазір қол қусырып қарап отыруға болмайды. Бала­ларымды жеткізу үшін  кәсіп бастауыма тура келді. Мемлекет тарапынан көп­балалы аналарға өз ісін жүргізуге мүмкіндік берді. Қамқорлық танытып, қолдау көрсетті. Соның арқасында төменгі процентпен несие алып, шаруашылық құрдым. Шаруамызды осы тірліктен бастаған соң, атакәсіпке адал болуға әркез талпынып келемін, – дейді кәсіпкер.

 Мемлекеттік қолдаудың арқасында ешкімге алақан жаймай, кәсіп бастаған Шолпанның  тың жоспары көп.  Енді ол  мал бордақылау ісін қолға алмақ.

Сара  АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<