Өзбекстанда президентке жағымпаздануға тыйым салынды

349

0

Өзбекстанда президентке жағымпаздануға тыйым салынды Өзбекстан билігі мемлекет басшысына жағымпаздануға тыйым салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ozodlik.org порталына сілтеме жасап.

Енді президентті мадақтап ән айтқан әншілер, композиторлар лицензиясынан айырылуы мүмкін. Мұндай талап 2 маусым күні «Өзбекконцерт» мемлекеттік мекемесінде болған кездесуде айтылған. Аталған мекеме Өзбекстандағы көңіл көтеру саласына жетекшілік етеді.

«Кейбір азаматтарға, мемлекет басшыларына арналған видеоклиптер әдепсіз болып саналады», – деді «Өзбекконцерт» мекемесінің уақытша директоры Азамат Хайдаров кездесуге жиналғандарға.

Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстан әншісі ел президенті Шавкат Мирзиеевқа арнап клип түсірген. Кейін әншінің бұл әрекеті сынға ұшыраған. Осыдан кейін ресми билік жоғарыда аталған қадамға барып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<