Әділет органдарына – 30 жыл!

2171

0

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан  Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Біздің елімізде бүгінгі күні«Әділет органдары туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әділет органдарының міндеттері жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыру болып табылады.  Әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының ауқымды бөлігін қамтамасыз етуі әділет органдарымен тығыз байланысты.

Биыл Әділет органдарына 30 жыл толып отыр. Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңдымүдделерін қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Сондай-ақ,мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне заңнаманы жетілдіруге, әділеттілік ұстанымын бекітуге азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруға әрдайым белсенді үлесін қосып келеді.

Алғаш рет Әділет органдарының күні 2012 жылы аталып өтті. Латын тілінен аударғанда «юстиция» сөзі әділдік, заңдылық деген мағынаны білдіреді. Әділет органдары – ол Әділет министрлігінің барлық мекемелері мен ведомстволарының жиынтық атауы. Тарихы тереңде жатқан Әділет органы 1919 жылы құрылып, өзі өмір сүрген жүзден аса жыл ішінде ел өмірінде болған аса елеулі тарихи оқиғалардың бел ортасында болып, саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық өмірдегі күрделі өзгерістерге атсалысты.1920 жылы Әділет халық комиссариаты ретінде құрылса, 1946 жылы Әділет министрлігі болып қайта аталды.Жалпылама айтқанда, халыққа заң қызметін ұсынып, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қорғайтын бірден бір орган.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң Әділет органдары үшін жаңа кезең басталды. Әділет министрлігі және оның органдары түбірімен өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Осылайша, өзінің сан қырлы қызметінің арқасында егеменді мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыру ісіне үлес қосып келеді. Бағдарланған міндеттер негізінде еліміздің әділет органдары жаңа кезең талабына орай мемлекеттік құқықтық реформаны қалыптастырып, жұмысын дамытып келеді.

 Бұл мереке конституциялық мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етіп жүрген әділет қызметкерлерінің басын біріктіретін айтулы күн.

  Бүгінде елімізде халықаралық стандарттардың талаптарына сай заңды негіз қаланып, әділет органдарының құзыры кеңейтілді, жаңа міндеттер қойылды, ашық рәсімдер негізінде әділет қызметкерлерінің кәсіби корпусы жасақталды.
бүгінде Әділет департаментінің негізгі міндеттері:

1) коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді (коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді қоспағанда) жүзеге асыру;

2) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

3) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау  және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

4)  атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;

5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асыру болып табылады.

Әділет органдарының өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет көрсетуі, құқық үстемдігін қамтамасыз етуі, Әділет органдары қызметкерлерінің кәсібиліктері мен күш-жігерлеріне тікелей байланысты.

Әділет органдары күнінің 30 толуына орай, барша әріптестерімді құттықтай отырып,  мықты денсаулық, әр отбасына бақ-береке, әділет жолындағы қызметтеріне табыс тілеймін!

Ұ.Оразгелді,

Қызылорда облысының

 Әділет департаменті басшысының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<