«Студенттерді сапалы маман ретінде даярлау және жетілдіру» жобасы

274

0

 Қызылорда облысы әкімінің жанындағы басым жобалар бойынша облыстық ветеринария басқармасы тарапынан «Студенттерді сапалы маман ретінде даярлау және жетілдіру» жобасы әзірленді.

Жоба облыстық жобалық кең­седен, облыс әкімі жа­нын­дағы басым жобалар бойынша Эксперттік Кеңестен қолдау тауып, үздік жобалардың бірі болып танылды. Сонымен қатар, басқа да мемлекеттік мекемелерге осы жоба тәжірибе алмасу ретінде ұсынылды.

Бұл бағытта И.Әбдікәрімов атындағы ­аграрлық-тех­ни­ка­лық жоғары колледжін өткен жылы бітірген 36 жас маман ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы 13 түрлі аурудың алдын алу, болдырмау бойынша диагностикалық және профилактикалық, сонымен қатар, 6 түрлі энзоотиялық ауруға қарсы іс-шараларды ұйымдастырумен, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (сырғалау, таңбалау, компьютерлік дерек­қор базасына енгізу, ветери­на­риялық паспорт беру) жұ­мыстарымен тәжірибе жинақ­тауда. Осыған байланыс­ты, 2018 жылдың 15 тамызы мен 2019 жылдың 15 ақпаны аралығында тұрғылықты жер­лерінде, тәлім­герлердің бақы­лауында жас­тар практикасынан өтуде.

Жобаны басқару кестесіне сәйкес, 2018 жылдың соңғы тоқсанында 7 жас маман өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. 2019 жылдың 15 ақпаны мен 15 тамызы аралығында қалған 29 жас маман қоғамдық төленетін жұмыспен қамтылып, 6 ай тәлімгерлердің бақылауында практикаларын жалғастырды. Ал биылғы жылдың соңына дейін барлығы да ветеринариялық ұйым­дарға жұмысқа қабыл­данатын болады.

Жас мамандар теориялық білім­дерін практикамен ұш­тастыра отырып, ветеринария мамандығына деген қызығушылығы пайда болады. Сонымен қатар, тұрғылықты жерлерінде тәлімгерлерінің бақы­лауында сапалы тәжірибе жинақтай отырып, кәсіпқой маман ретінде тез қалыптасады.

 

Облыстық ветеринария басқармасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<