Ғылыми-тәжірибелік конференция

150

0

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдық қалыптасуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы бірлесе отырып ұйымдастырды. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы аса өзекті мәселелерді және нәтижелерді талқылауға бағытталған облыстық диалог мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау саласы, білім беру саласы, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің басын біріктірді.
Конференция жұмысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысы А.Мұхимов ашты. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету еліміздің халықаралық рейтингін, оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтынын атап өтті.
Конференция барысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Маханов, «Болашақ» университетінің оқытушысы Ы.Дулатов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы А.Муйденова баяндамалар жасап, мемлекеттімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер талқылауға салынды.