Қызылордада балық өңдейтін зауыт іске қосылады

313

0

 2018 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қызылорда облысында қуаты жылына 4 мың тоннаны құрайтын балық зауыты іске қосылады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Өңірдің индустриалдық-инновациялық дму жоспарында жарияланғандай, кәсіпорын құны 160 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, кәсіпорында балықты тереңдетіп қайта өңдеу жүзеге асырылады және пластик қайықтардың өндірісі бойынша цех салынады.

«Құрылыс кезінде 50 жұмыс орны құрылды. Зауытты пайдалану кезінде тағы 100 адам жұмысқа орналастырылады», – деді ведомствода.

Әкімдікте атап өткендей, қазір әкімшілік ғимараттың құрылысы аяқталып жатыр. Сондай-ақ, тоңазытқыш және балық тазалау жабдықтары жеткізілді. 2018 жылдың наурыз айынан бері балықты боршалау цехының құрылыс жұмыстары, сонымен қатар, цехтың ішін әрлеу, мәрмәр тастар төсеу жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<