«Жасыл ел жасағы» өз жұмысын бастады

748

0

Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл он үшінші жыл өз жұмысын жалғастыруда.
Бағдарлама Қазалы ауданында да жүйелі түрде іске асып келеді. «Жасыл ел» жастар жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел, олай дейтініміз студенттер бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға ат салысса, екін-шіден, жазғы демалыстарын тиімді өткізеді. 1 маусымнан бастап Қазалы ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 30 сарбазы өздерінің тұрғылықты жерлерінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарын бастады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<