Жауынгерлік дайындық жеделділікті талап етеді

685

0

Еліміз бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында ұйымдастырылыған жазғы оқу кезеңіне дайындық іс-шаралары жоспарға сәйкс қорытындыланды.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы сапалы дайындықты ұйымдастыру мақсатында жазғы оқу кезеңінің жауынгерлік даярлық мәселелері бойынша тактикалық-саптық  сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және оларды өткізу өніндегі нормативтік-құқықтық актілерін әзірледі.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Байболов Еркінбек Серғалиұлы өз баяндамасында:

– Еліміздің әскери әлеуетін  арттыру мен дамуына жіті тоқталып өтті.

Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мемлекетіміздің егемендігі үшін қалыптасуы және дамуы жолында патқарған еңбегі туралы тұщымды мысалдар келтірді.

Аталған департаменттің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне және қызметкерлерге «Ұлы дала әскері – Мәңгілік ел тірегі» атты ұраны шеңберінде тиісті тапсырмалар беріліп, алда келе жатқан қысқы оқу-жаттығу кезеңіне дайындық жұмыстарын басты назарда қадағаланатынын жеткізді.

Естеріңізе сала кетейік, 2018 жылдың Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштерінде маусым айның 4-8 аралығында жүргізілген болатын.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<