Желіге байланған жеткіншек көп

705

0

Шетелдің жаңа трендтерін қайталайтын жастардың қазіргі бет әлпеті де, іс әрекеті де, киім киісі де өзгеріп барады. Барлығы дерлік солай деуге де келмес. Алайда олардың көбі 24 сағаттың жартысын әлеуметтік желіні көрумен өткізеді. Десе де желіні пайдаланушыларды пайдалы ақпараттар іздейтіндер, жай ермек үшін көретіндер, өзін көрсету үшін қолданатындар деп жік-жікке бөлуге болады.

Енді бірі жеңіл табыс пен материалдық жағдайын көбейтемін деп әлеуметтік желі арқылы жалған ақпараттар таратып жатады.Тіпті көз көруге ұялатын іс-әрекеттерін салуға да арланбайды. Сіз өзіңіз желіні не үшін пайдаланасыз? Бір сәт өзіңізге жауап беріп көріңізші. Мүмкін уақытыңыздың көбісін текке өткізіп жатқан шығарсыз?

Қазір жастар болашағын емес, лайктың көбейгенін армандайды. Жасөспірімдер психологиясында болып жатқан барлық мәселелерді ересектер жағы ескере бермейді. Таңнан қара кешке дейін жұмыста жүрген ата-анасы қалай қадағаласын? Сол себепті олар көп қызығатын тик ток, ютуб, инстаграм желілері арасында  ұлттық рухқа толы  кинолар, бейнебаяндар, әуендер көп көрсетілсе игі. Тәрбиелік мәні бар қысқа ақпараттар берілсе құба-құп болар еді.

Қаракөз ШАЙЗАДА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

 университетінің студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<