\»Жыр аққуы\» 82 жасқа толды

775

0

Бүгін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009) Марфуға Айтхожинаның туған күні. Қазақтың жыр аққуы атанған ақын 82 жасқа толды.
Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. Алғашқы өлеңдер жинағы «Балқұрақ» деген атпен 1962 жылы жарияланған. Кейіннен әр жылдары «Шыңдағы жазу», «Жастық шақ», «Аққуым менің», «Қаракөз айым», «Баянжүрек», «Көзімнің қарасы», «Ақ бесігім», «Жарқыра, менің жұлдызым», «Қыран жеткен», «Таңдамалы», «Сағыныш сазы», «Жапырақ сілкінген кеш», «Аңсау», «Аққу жүрек», орыс тілінде «Утверждение», «Голубые голуби», «Струна степей», «Горсть земли», «Украшение коня», «Летние росы» өлеңдер жинақтары жарық көрді. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы т.б. тілдерге аударылған. Марфуға Айтхожина «Аңсау», «Ақку жүрек», Алатаудың Ақ батасы» туындыларында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды. Ақынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<