Сыр театрының Алматыдағы шығармашылық сапары басталды

852

0

М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының шығармашылық сапары И.Ғайыптың «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты тарихи дастанымен ашылды.
Гастрольдік сапардың ашылуында облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, Қазақстанның халық артисі, прфессор Есмұхан Обаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов құттықтау сөз сөйлеп, Сыр сахнагерлеріне шығармашылық жетістіктер тіледі.
Аймақ басшысының қолдауымен араға 17 жыл салып, Сыр театры алматылық талғампаз көрерменмен жүздесіп, театр репертуарындағы үздік қойылымдарды ұсынып отыр.
Гастрольдік сапар 8 маусым А. Володиннің «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драмасы, А. Кашьяптың «Кім?» мистикалық триллері, 9 маусым Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша сахналанған «Жәмилә» драмасымен жалғасады.
Сонымен қатар, шығармашылық сапар аясында «Сыр сахнасының келбеті» атты театр тарихына арналған көрме ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<