Жас өреннің жарқылы

1204

0

Жерлесіміз 14 жасар Дәулет Төлехан “QAZAQSTAN дауысы. Балалар” жобасының ІІ маусымында өнер көрсетіп жатыр. Қорқыт ата атындағы аудандық балалар музыка мектебінің оқушысы алғашқы кезеңде “Human” әнін жоғары деңгейде шырқап, ерекше дауыс иесі Мархаба Сәбидің тобына ілікті.

Оның музыкаға деген махаббаты Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалаған соң ашылған. Арманы – күллі әлемге танылған Димаштың деңгейіне жету. Дәулеттің алдағы кезеңдеріне сәттілік тілейміз!

Айта кету керек, жерлесіміздің жетекшісі – аудандық балалар музыка мектебінің мұғалімі, “QAZAQSTAN дауысы” жобасының бірінші маусымында “Көрермен көзайымына” айналған Гүлдана Мұратбай.

Қазалы ауданы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<