Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

615

0

Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Мемлекет басшысы бүгін тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2022 жылғы 17 наурыз

№ 838



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<