Аймақта бір тәулікте 68 нәресте дүниеге келді

1058

0

Қызылорда облысында желтоқсанның 31-і сағат 08:00-ден 1 қаңтар сағат 08:00-ге дейін барлығы 68 нәресте дүние есігін ашты. 68 сәбидің 35-і ұл, 33-і қыз бала.

Оның ішіне желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 13 сәби дүниеге келді. Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 8-і ұл, 5-уі қыз бала.

Бүгінде барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<