Аралда тепловоз рельстен шығып кетті

320

0

Кеше сағат 20.45 минут шамасында Арал қаласының теміржол вокзалының кіре беріс маңында Арал ауданы, Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» АҚ-нан тұз тиелген 10 вагонды жүк пойызының тепловозы мен одан кейінгі 2 вагоны жолдан шығып кеткен, – деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, шұғыл кезек күттірмейтін шаралар қабылданып, Сексеуіл кентінен қайта қалыпына келтіру пойызы оқиға орнына келген.

Қазіргі уақытта орын алған жағдайға байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер, адам шығыны жоқ. Сондай-ақ, теміржол пойызының жол жүру кестесіне кедергілер келмеген. Жағдай толық бақылауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<