Арманымды орындаған Елбасы

395

0

Аса құрметті Нұрсұлтан ата! Сіз – елі үшін туылған нағыз қайраткерсіз. Сіздің көрегендігіңіз барлық қазақ еліне өнеге болып қалады. Сіз – Тәуелсіздік туын желбіреткен тұңғыш елбасысыз.

Толқындаған теңіз халқы, Сыр өңірі Сізді ерекше құрметтеп, мақтан тұтады.

Менің арманым Астананы көру болатын. Сізбен жүздесу сәтінде осы арманымды айттым. Көп ұзамай Сіз салған арман қаланы аралау бақыты бұйырды.

Нұрсұлтан ата!

Сізге, еліңізбен бірге мəңгі жасауыңызды тілеймін.

Мен – асқақ арманын Елбасы орындаған бақытты баламын.

Сол үшін де мен – «Елім» деп еміренетін» нағыз патриот» болып өсемін деп уəде етемін.

Мың алғыс Сізге, Нұрсұлтан ата!

Нұрсұлтан ЖАҚСЫГЕЛДИЕВ,

№260 орта мектебінің 3″А»сынып оқушысы

Арал қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<