Авариялық жағдай туғызды: «Самара-Шымкент» тас жолында мас жүргізуші ұсталды

687

0

Қызылордалық полицейлер мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушіні ұстады.


Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Самара-Шымкент» тас жолының 1960/306 шақырым тұсында бағыттас көлік құралдарының жүру жылдамдығын және бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, авариялық жағдай туғызып, қозғалыс жасап келе жатқан Audi A6 автокөлігі тоқтатылды.


Тексеру барысында көлік жүргізушісі Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны алкоголь өнімін пайдалануы бойынша күдік тудыртып, сараптамадан өту барысында алкогольді масаюдың орта дәрежесі екендігі анықталды.
Мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 606-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы) және 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары рәсімделіп, сотта қаралуда.


Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар автокөлік ақылы айып алаңына қойылды.

– Қоғамдық және жол қауіпсіздігі әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі. Сондықтан да жол қозғалысының барлық қатысушылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаулары қажет, – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<