Қазақстандық ғарышкерлер Қызылордада

311

0

  17-19 наурыз аралығында Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында» Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында IX Наурыз кездесулері өтуде.

Іс-шараға қазақстандық ғарышкерлер Айдын Айымбетов пен Талғат Мұсабаев, сондай-ақ, SpaceX және NASA ғарыш ұйымдарының ғылыми қызметкерлері қатысты. Дәстүрлі Наурыз оқуларына бүкіл Қазақстан бойынша 200-ге жуық оқушы жиналған.   

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев шара қонақтарымен кездесіп, оқушыларға ғылым мен техникада үлкен жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, жастардың білімі, біліктілігі мен дағдысы кез келген ұлттың ең маңызды әрі қымбат ресурсы екенін және мемлекет бүгінде білім беру саласын дамытуға, материалдық-техникалық жабдықтауға, оқытудың жаңа әдістемелерін енгізуге мол қаражат жұмсап, жастарға арналған білім беру гранттарының санын арттырғанын атап өтті.

Айта кетейік, Қызылорда облысында білім саласына бюджеттің барлық шығындарының 38% тиесілі, бұл – қаржы бөлу жағынан басымдық берілген сала.

«Ғылым саласындағы әлемдік трендтерді талқылауға арналған алаңда сіздермен кездескеніме қуаныштымын.   Біздің облыс аумағында 12 ұшыру алаңы орналасқан, олардан аты аңызға айналған «Восток», «Союз» және «Боран» кемелері ғарышқа аттанған. Сондықтан «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тоғызыншы Наурыз кездесулері – адамзат ғарышқа қадам басқан Шығыс өркениетінің орталықтарының бірі, әйгілі Қорқыт ата  мекенінде өтуі бекер емес,- деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, кездесу барысында ғарышкерлер – Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов, SpaceX пен NASA-ның тәуекел және қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Майкл Лутомски, NASA-ның ғылыми қызметкері Парвин Пратапан, Еуропалық ғарыш агенттігі, Еуропалық астронавтар орталығының ғылыми кеңесшісі Игорь Дроздовский, Хайдельберг университетінің астрономия орталығы, астрономиялық есептеу институтының ғылыми қызметкері Бекдәулет Шүкірғалиев, сондай-ақ, ғарыш және жаңа технологиялар саласындағы басқа да ғалымдар сөз сөйледі.

Айта кетейік, шараның үш күндік бағдарламасы аясында спорттық және зияткерлік ойындар, ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Наурыз кездесулері – оқушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын арттыру,  зерттеу дағдыларын дамыту, ғылымға тарту мақсатында және олардың кәсіби бағдарын анықтауына ықпал ету үшін 2011 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі ғылым күндері. Кездесу форматы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-танымал дәрістерін, мастер-класстарды, оқушылардың ғылыми жобалары таныстырылымын, оқыту семинарларын және т. б. қамтиды.

Анықтама: Қызылорда облысында білім саласына бюджеттік шығыстардың 38%  тиесілі, яғни бұл – қаржы бөлу жағынан басымдық берілген сала.. 2018 жылы облыс әкімінің ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына арналған Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік беретін гранттарының саны 2 есеге артып, 205-ке дейін жетті. Бүгінде 900-ге жуық жас аталмыш гранттардың иегерлері. Нәтижесінде, екінші жыл қатарынан облыстың мектеп түлектерінің 97% жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсуде.

Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап Ресейдің жетекші инженерлік ЖОО-да Ресей Федерациясы үкіметінің гранты есебінен Қызылорда мектептерінің 500-ден астам түлегі оқуға түскен. Алғашқы 32 студент оқуын аяқтап, 2018 жылы елге оралды және бүгінде облыс кәсіпорындарында жұмыс істеп жатыр. Ал 42 түлек оқуын магистратурада жалғастыруда. Биыл тағы 123 түлек диплом алады. Сонымен қатар, 2018 жылы Мәскеу және Санкт-Петербург жоғары оқу орындарына 58 мектеп түлегі оқуға түсті.

 

                                                                                           

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<