Бауырларын өрттен құтқарды: Төтенше жағдайлар департаменті 7 жастағы қызды марапаттады

756

0

Биылғы жылғы 12 қазанда Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы, Желтоқсан көшесі №24а мекен-жайда орналасқан жалпы ауданы 5х15 шаршы метр уақытша тұрғын үйде электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан өрт оқиғасы орын алды.

Өрт оқиғасын бірінші байқаған көршісі Сүлейменова Базаркүл өрт туралы хабарлаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үй иесінің қызы, №38 қазақ орта мектебінің 1 «б» сынып оқушысы, 7 жасар Мерей есімді қыз ержүректілік танытып, өз өмірін қатерге тігіп, қою қара түтіннің арасынан кәмелет жасқа толмаған бауырлары: 5 жасар Бахыт Бексұлтанды, 3 жасар Бахыт Айлинді және 1 жасар Наурызбекқызы Адинаны үйдің терезесінен сыртқа шығарып, ажалдан аман алып қалды.


Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлылығы үшін Мерей Наурызбекқызы Бахытты 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №215-ж/қ бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қайрақбаев Алғыс хатпен марапаттады.


Сол марапатты және бүлдіршінге арналған сый-сияпатты бүгін ел мерекесі қарсаңында Мерейдің сыныптастары алдында Жалағаш ауданындағы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары оған табыс етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<