Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 12-ші сатыға жоғарылады

1022

0

Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) Аустралиядағы «Үлкен Дуылға» турнирінің қарсаңында әлемдік рейтингті жаңартты. Отандасымыз Елена Рыбакина 2765 ұпаймен 12-ші сатыға жоғарылады.


Әлемдік рейтингтің көшбасында: Эшли Барти, (Аустралия) екінші орында Арина Соболенко, (Беларусь) үздік үштікті Габиринье Мугуруса (Испания) түйіндеп тұр.


Айта кетейік, Мельбурн қаласында өтетін «Australian Open» турнирі 17-30 қаңтар аралығында өтеді. Елена Рыбакина алғашқы айналымда Зарина Дияспен кездеседі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<