Елордада матч кезінде футболшылар төбелесіп қалды

611

0

Нұр-Сұлтанда «Сансет» және «Барыс» командалары арасындағы әуесқой матч кезінде жаппай төбелес болды. Футбол алаңындағы оқиғаның видеосын Liter.kz басылымы жариялады, деп жазады kaz.nur.kz.


Матч кеше, 11 қыркүйекте «Сайран арена» футбол алаңында болған. Футболшылар арасындағы жанжалға нақты не себеп болғаны белгісіз. Алайда кадрларда жастардың төбелесіп, бір-біріне жұдырық жұмсағаны көрсетілген

. Одан бөлек, видеодан командалардың бірінің қақпашысына соққы тиіп, салдарынан жағдайы нашарлағанын байқауға болады. Дегенмен судьялар жанжалды тоқтатып, зардап шеккен спортшыға дәрігер шақыртқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<