Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

988

0

Қазақстан құрамасы 2022 жылы Ұлттар лигасының кезекті жарысына қатысады.

24 және 29 наурыз күндері өтпелі матчта Молдова құрамасын жеңген жағдайда Қазақстан құрамасы С лигасында қала береді. Осыған орай Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасына Словакия, Беларусь және Әзербайжан құрамалары қарсылас болып шықты.

Ал егер Қазақстан құрамасы екі ойынның қорытындысында Молдоваға жол беретін болса онда D лигасында өнер көрсетуге мәжбүр болады. Ондай жағдай орын алған кезде біздің командамызға Лихтенштейн, Андорра және Латвия құрамалары қарсылас болады.

Топтық кезеңнің матчтары 2022 жылдың маусым айында басталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<