Хоккей: Даррен Диц «Барыстан» ЦСКА командасына ауысты

708

0

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц «Барыстан» Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қос команда Д.Дицтің ЦСКА-ға ауысуы жөнінде келіскен. Келісім аясында қазақстандық клуб қаржылай өтемақы алады.

Даррен Диц «Барыс» құрамында бес маусым бойы ойнады. Құрлық хоккей лигасында осы кезеңде ол 269 матч өткізіп, 67 гол соғып, 107 нәтижелі пас берді. Сөйтіп 174 балға қол жеткізді.

«Барыс» хоккей клубы бұрынғы капитанға алдағы спорттық жолында табысқа жетуіне тілектестігін білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<