Паралимпиада: Пара дзюдошы Әнуар Сариев финалға шықты

690

0

Токиодағы Паралимпиадада бақ сынап жатқан парадзюдошы Әнуар Сариев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ел намысын қорғап жатқан отандасымыз 60 келі салмақта сынға түсіп жатыр.

«Парадзюдошы Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарындағы екінші кездесуін сәтті өткізіп, финалға жолдама алды. Ол алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы Сүхэбаатар Ядамдоржды ұтқан болатын. Жартылай финалда жерлесіміз венесуэлалық Бланко Маркос Денистен басым түсті», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Енді Әнуар Сариев финалдағы қарсыласы әзербайжандық Вугар Ширинлимен сынға түседі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Паралимпиадаға қатысып жатқан 8 атыраулықтың алғашқысы бақ сынайтынын хабарлаған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<