Паралимпиадада Теміржан Дәулет күміс жүлдегер болды

885

0

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық парадзюдошы Теміржан Дәулет күміс медаль алды.


Теміржан Дәулет 73 келі салмақта сынға түсті. Ол финалда өзбекстандық Феруз Саидовпен шеберлік байқасты. Бәсеке барысында Теміржан қарсыласының осал тұсын табуға тырысты. Дегенмен қарсыласына иппон әдісімен жол беріп қойды.


Теміржан жартылай финалда грузин Георгий Калданиден айласын асырып, қарсыласын иппонмен жеңді.
Айта кетейік, бұдан бұрын ел құрамасынан пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев чемпион атанса, парадзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<