Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

785

0

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби рингтегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.


Бүгін Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасқан болатын.


Крузервейттегі жекпе-жекте қарсыластар бос тұрған WBA Gold чемпиондық атағы үшін сайысқа түсті. Кездесу 12 раундқа есептелген.

Жекпе-жек жетінші раундта Қамшыбектің жеңісімен аяқталды. Уорд алған жарақатына сәйкес жарысты жалғастыра алмады. Бесінші раундта төреші британиялық боксшының нокдаунға түскенін көрсетті.


Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы карьерасында 4-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBA Gold чемпиондық белдігін жеңіп алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<