Қазақстан бағбандары алманы басқа елден әкелуге тыйым салуды сұрады

699

0

Қазақстандық бағбандар үкіметке жыл сайын, тамыз бен желтоқсан айларының аралығында Қазақстанға алма импорттауға тыйым салу туралы өтініш білдірді. Олардың пікірінше, бұл шара осы бағытты дамытуға, жеміс өсіруді жергілікті халық үшін әлдеқайда тиімді етуге және өнім саудасын арттыруға ықпал етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Алма өсірумен айналысатын қазақстандық бағбандар елге жеткізілетін импорттық жеміс салдарынан шығынға батып отырғандарын айтты.

Еер уақытша шектеу енгізілсе, онда ірі өндірушілердің де, шағын бағбандардың да ісі ілгері жүреді.

«Шағын бақ шаруашылықтарына кейде жемісті жинау және сату пайдасыз, себебі алма одан бетер қымбаттайды», – дейді бақ шаруашылығы басшысы Болатбек Әлиев.

Қазір дүкен мен базарда Қытай, Польша, Иран, Өзбекстан жемістері толып тұр.

Аграрилердің айтуынша, импортқа ішінара тыйым салу өнім бағасының өсуіне алып келуі мүмкін. Әсіресе, бұл алғашқы кезде байқалуы ықтимал. Алайда уақыт өте келе жергілікті өндіріс ұлғайтылады және шағын шаруашылықтар дами түседі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бағбандардың бастамасын қарастыруға уәде етті. Осы жылдың өзінде бүкіл ел аумағында жаппай жеміс пен көкөніс сақтайтын қоймалар салынады. Бұл нысандардың құрылысын мемлекет субсидиялайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<