Қазақстанда футбол маусымы қашан басталатыны белгілі болды

898

0

Фото: ашық дереккөз

Жаңа футбол маусымы Қазақстан Суперкубогінің ойындарымен басталады. Аталмыш шағын турнир ақпанның 24 мен 27 аралығы өтеді, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет. Бұл жөнінде Vesti.kz жазды.

Өткен жылдағыдай Қазақстан Суперкубогінің екі жартылай финалы (24 ақпан) және финал (27 ақпан) болады. Биылғы жарысқа қатысушылар «Тобыл», «Астана», «Қайрат» пен «Қызыл-Жар» командалары.

Өткен жылы финалдық матчар «Түркісан Аренада» ұйымдастырылса, биыл елорда төріндегі «Астана Арена» стадионында өтеді деп жоспарланған.

Жарыстың жүлде қоры былтырғыдай. Мәселен жеңімпаз 25 млн теңге алса, финалға шыққан команда 15 млн теңгеге байи түспек. Ал үшінші орынға 5 млн теңге жүлде қоры белгіленген.

Еске салайық, отандық ұжымдар арасында «Астана» Суперкубокты ең көп ұтқан клуб болып табылады (2011, 2015, 2018, 2019, 2020).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<