Қазақстанда волейболдан клубтық Азия чемпионаты өтеді

1107

0

Семейде волейболдан әйелдер командасы арасында клубтық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирге алты команда қатысады. Қазақстан атынан «Алтай» және «Қуаныш» клубтары сынға түседі. Сондай-ақ, Иран, Таиланд, Өзбекстан мен Жапониядан келетін командалар турнир жүлдесіне таласады.

Клубтық Азия чемпионаты 24-30 сәуір аралығына жоспарланған. Бірінші раунд аяқталған соң, екі топ команда чемпиондық атаққа таласады. Ал үшінші және төртінші орында қалған клубтар қола жүлдені сарапқа салады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<