Қазақстандық пара жүзуші Паралимпиаданың финалына жолдама алды

725

0

Қазақстандық пара жүзуші Сиязбек Далиев Паралимпиаданың финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық Сиязбек Далиев Паралимпиада ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында финалға шықты. Сиязбек Далиев іріктеу сыныңда 35.75 секунд нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.

31 жасар спортшы жалпы есепте төртінші орын алды. Финал 27 тамызда сағат 15.25 өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<