Қызылордада көлік апатынан екі адам көз жұмды

403

0

Қызылорда қаласында екі көліктің соқтығысуынан екі адам оқиға орнында көз жұмды.


Оқиға 10 тамыз сағат 19:50 шамасында болды. Астана даңғылының бойында екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан «Mersedes» автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы сол жерде қайтыс болды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<