Сырдарияда сеңнің жүруі бақылауда

642

0

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының ұйымдастыруымен Департамент бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев, Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ғалымжан Әшімов жергілікті атқарушы органның өкілдерімен бірлесе Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданы аралығында Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыс 2020 жылдың қараша айынан бері апта сайын бақылауда тұр.


Дария деңгейін бақылау, мониторинг жұмысы барысында өзенде ұстасқан мұздың қалыңдығы мен судың келу деңгейі қоса сарапқа салынуда. Қазіргі таңда сең Шиелі ауданы Қызылқайың елді мекенінің тұсында, Қызылорда су торабынан жоғары 190 шақырымда ұстасып тұр.


Бүгінгі таңда мұз қабатының еруі, жұқаруы және қалыңдығы 10-20 сантиметр екендігі анықталды.


Осы ретте мониторинг жұмыстарымен қатар азаматтық қорғау мамандары елді мекендерде су басу қаупі туындаған жағдайда атқарылуы қажет қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, тұрғындарға ескерту хаттары мен үнпарақтарды таратуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<