Теннистен Қазақстан құрамасы Сербияға жол берді

807

0

Дэвис Кубогының ширек финалдық ойынында Қазақстан құрамасы Новак Джокович бастаған Сербия құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді.


Алдымен Михаил Кукушкин Миомир Кецмановичті 7:6, 4:6, 7:6 есебімен жеңіп, Қазақстан құрамасына алғашқы ұпайды сыйлады.


Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Сербия құрамасының көшбасшысы Новак Джоковичке 3:6, 4:6 есебімен жол берді.


Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұбы Новак Джокович және Никола Качич жұбына 2:6, 6:2, 3:6 есебімен есе жіберіп, Қазақстан құрамасы турнирдегі жарыс жолын аяқтады.
Енді Сербия құрамасы жартылай финалда Хорватиямен кездеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<