Қызылордада коммуналдық тариф төмендеді

303

0

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық мекемелердің инвестициялық бағдарламаларының көлемінің азаюына, оған қоса, «Қызылорда жылуэлектрорталығы» энергия өндіруші кәсіпорын үшін газ бағасының 12%-ке (21182,54-тен 18606,79 теңгеге дейін) төмендеуіне байланысты:
– жылу энергиясының орташа тарифі 4,2% (5762,32-ден 5522,69 теңгеге дейін), соның ішінде тұрғындар үшін 12%-ке (3221,39-дан 2834,82 теңгеге дейін);
– электр энергиясымен жабдықтау қызметі 4,4%-ке (17,6-дан 16,91 теңгеге дейін);
– сумен жабдықтау қызметі 22,6%-ке (77,42-ден 59,88 теңгеге дейін);
– су бұру қызметі 11,4%-ке (100,46-ден 89,05 теңгеге дейін) төмендетілді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бұйрығына сәйкес, тұрғындар үшін газ бағасы 1,3%-ке (21182,54-тен 20902,93 дейін) төмендетілді.
2019 жылдың 1 наурызынан бастап «Энергосервис» ЕЖШС 1 кВт сағат электр энергиясымен жабдықтау қызметінің тарифі 0,32%-ке арзандады (ҚҚС-мен 15,49-дан 15,44 теңгеге дейін).
2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап
– жылу энергиясының орташа тарифі 1,2%-ке (5522,69-дан 5454,8 теңгеге дейін), соның ішінде тұрғындар үшін 1,2%-ке (2834,82-ден 2799,66 теңгеге дейін);
– сумен жабдықтау қызметі 12,3%-ке (59,88-ден 52,47 теңгеге дейін);
– су бұру қызметі 13,5%-ке (89,05-тен 77,03 теңгеге дейін) төмендетілді.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<