Жерлестері Рахат Бекболатты күтіп алды

753

0

Бүгін ауыр атлетикадан Сауд Арабиясының Джедда қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Бекболат Рахатты облыстық ауыр атлетика федерациясының өкілдері мен облыс аға жаттықтырушылары және облыс құрама команда мүшелері Қорқыт Ата әуежайынан күтіп алды.


Сауд Арабиясының Джидда қаласында 3 және 12 қазан аралығында өткен жарыста ол 102 келі салмақта сынға түсті.


Қоссайыстың қорытындысында Рахат 355 келіні бағындырып, жеңімпаз тұғырына көтерілді. Одан кейінгі орындарға түркиялық Танер Чаглар (152+185) мен ирактық Аммар Рубайави Али (149+185) қол жеткізді.
Рахат Бекболат 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері. 2019 жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы әлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленді. Ол 16 жасында Əлем рекордын орнатып, Азияның «үздік спортшысы» номинациясының иегері болды.


Енді Рахатты алда ересектер арасындағы бәсекелер күтіп тұр. Желтоқсан айында Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында әлем чемпионаты өтеді. Соған орай алдағы қараша айында Алматы қаласында ұлттық құрама дайындығы басталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<