Азамат келбеті

Азамат келбеті

 Сұңғыла бойлы, батыр тұлғалы, сымбаты мен келбеті  келіскен, сыпайы да салмақты ішкі істер органдарының майталманы Серікбол Қуатбайұлы Тұңғышбайды көргенде әркез дана Абайдың 38-ші қарасөзіндегі «Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егерде адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады» – дегені есіме түседі.
ТАҒЫЛЫМ 01 сәуір 2019 г. 643 0

Ескі мешіттің құпиясы

«Қасиет қонған –қоныс». Сырт көз біздің ата қонысымыз Жанқожа батыр ауылын осылай атайды. Ақиқаты да солай. Осынау киелі топырақта әулие әрі батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы, ел арасында «ақ бұлтты батыр» атанған Ақай Ақайұлы бабамыз, Қожаназар ишан, Ерлепес ишан,Суханберлі, Сарқұл қожа,Сары нысан, атақты емші Алпамыс баба, Хайрулла мақсым басқа да көптеген танымал тұлғалар өмірге келген. Ауыл сыртындағы биік төбеде Жанқожа батырдың әкесі Нұрмұхамед (Нұрымбет) пен ағасы  Өтеген жерленген үлкен зират бар. Сондай-ақ, Қазалы өңірінде ұзақ жылдар бойы болыс болған Егізбай мен «басына бақ дарып, қыдыр қонған» деп есептелген Кенжебай байдың да дәл осы жерде өмір сүргені ұрпақ жадында.
ТАҒЫЛЫМ 27 наурыз 2019 г. 187 0
Аға туралы толғаныс

Аға туралы толғаныс

Биыл сексен жастың сеңгіріне шыққан ардақты аға туралы толғанысымызды баян етпес бұрын бірер шындықтың басын ашып алғанымыз жөн болар. Ол мынау: біріншіден, мен ол кісімен қызметтес, аралас-құралас болған емеспін. Тума-туыстығымыз да жоқ. Осы «жоқтардың» ішінде жақын таныстығымыз, сәлем түзулігі ғана бар. Бұған қоса көзі ашық, көкірегі ояу азамат ретінде ол кісінің алдымен өзіне, сонан кейін отбасына, кейін елге сіңірген еңбегінен біршама хабардармыз. Әңгіме арқауы белгілі дәрігер, тұлғасы да, тұғыры да биік Тұрғанбай Маханов жайлы болып отыр.
ТАҒЫЛЫМ 27 наурыз 2019 г. 491 0
ҒАСЫР БЕЛЕСІН БАҒЫНДЫРҒАН БӘТИ ӘЖЕ

ҒАСЫР БЕЛЕСІН БАҒЫНДЫРҒАН БӘТИ ӘЖЕ

«Көп жасаудың құпиясы неде?» деген сауал көбімізді мазалайтыны рас. Оған әркім әртүрлі топшылау жасап жатады. Мысалы, Жапон елінде жалпы халықтың 20 проценті жүзден аса жасайды екен.  Әлбетте, бұған ең біріншіден, ауа райының қолайлылығы,  екіншіден, адамның салауатты өмір сүру дағдысы, содан соң, әлеуметтік-тұрмыстық мәселенің түбегейлі шешілгені себеп болса керек. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның ұзақ өмір сүруіне алғашқы екі фактор тікелей әсер етеді.
ТАҒЫЛЫМ 26 наурыз 2019 г. 238 0

Наурыздың нұрынан жаралған... (қос аға туралы сөз)

Біз тілге тиек етіп отырған бұл екі кісі әз Наурыз айында дүние есігін ашқан. Жылма-жыл Наурыз шапағатымен жылынып, ағайын-туыс арасында туған күндерін тойлап жатады. Жер-дүние жасанып, ағаштар бүр жарып, табиғат тіріле бастаған шақта бұлардың да тойы басталып жүре беретіні тағы бар. Талай-талай қуаныштарында болып, жүрекжарды тілек-сөздерімізді де айтқанбыз, айтып та келе жатырмыз.
ТАҒЫЛЫМ 26 наурыз 2019 г. 189 0
Мақсат биіктесе,  биік төмендейді

Мақсат биіктесе, биік төмендейді

Кешегі кеңестік дәуірде газет-журналдар марксизм-ленинизммен қаруланып, цензура ұстанынымен тарады. Партияның сөзін ұшпаққа шығарып, коммунистік идеяны насихаттады. Баспасөздің бағы қазақ елі өз алдына дербес шаңырақ көтерген жылдардан соң ғана ашылды. Баспасөз  арқылы жоғымызды түгендеп, рухымызды асқақтаттық, рухани жаңғырдық. Ұлыларымызды ұлықтадық, иманымызды бекіттік, дініміз бен ділімізді дәріптедік. 
ТАҒЫЛЫМ 19 наурыз 2019 г. 1 547 0
Аға тұтсаң – арың,  төре тұтсаң –төрің

Аға тұтсаң – арың, төре тұтсаң –төрің

«Халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» атанған газеттің қара қазанында қайнап шыңдалған Қален аға Әбдешов қариялық кезеңінде де қоғамдық жұмыстан шет қалмады. Мұны ол біреудің өтініші не қолқалауымен емес, жүрек қалауымен, өзінің ар-ожданымен атқара білді.
ТАҒЫЛЫМ 19 наурыз 2019 г. 1 196 0

АКАДЕМИК

Сырдың киелі топырағы өнер мен мәдениет, білім мен ғылым саласындағы талай қабырғалы қайраткерлерді түлетті. Бір қуанарлығы, осы перзенттердің барлығы елге адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп, сан салада көш бастап келеді. Солардың бірі ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сейфулла Әбдірайымов бүгінде 80 жасқа толып отыр.
ТАҒЫЛЫМ 16 наурыз 2019 г. 172 0
ҚАҺАРМАН ҰШҚЫШ ҚАЛИЕВ

ҚАҺАРМАН ҰШҚЫШ ҚАЛИЕВ

 Бұл осыдан тура жетпіс жыл бұрын болған оқиға еді. Ол жөнінде қырық-елу жыл бұрынырақ белгілі журналист Шәкірат Дәрмағамбетов қалам тербегені есте. Ардагер журналист «Ержүрек ұшқыш» атты бұрын облыстық, респуб­ликалық басылымдарда жарық көрген бұл мақаланы «Арал арайы» атты очерктер жинағына да қосыпты. Біз қы­зылордалық ержүрек ұшқыш Хамит Қалиев туралы, оның ел-жұрт таңғалған ерлігі жайлы жоғарыдағы кітаптан оқып шығып толығырақ қаныққан болатынбыз.
ТАҒЫЛЫМ 16 наурыз 2019 г. 166 0

Қожаназар ишан

Есімі ғұлама, ишан, әулиелігімен ел арасына кеңінен танылған Қожаназар ишан Артықбайұлы өмірінде Меккеге үш мәрте қажылыққа барып, бірнеше жерден мешіт салдырған, шәкірт тәрбиелеп, Алланың ақ жолына шынайы берілген аса киелі жан болған.Әз баба ел игілігіне берген, Қожаназар ишан есімімен аталатын мешіт әлі күнге жамағатқа қызмет жасап келеді. Ишан атамның бейіті өзінің ата қонысы қазіргі Жанқожа батыр ауылының аумағында орналасқан.  Бұл жырым  әулие Қожаназар ишан атамның аруағына бағышталады. Ишан баба аруағы қолдасын!
ТАҒЫЛЫМ 16 наурыз 2019 г. 205 0