20 жауды жайпаған 20-дағы қыз

544

0

Шайқас болған  жерді, көруге  келген  вермахт  командирлері  өздерінің  1 офицері  мен   19 солдатының  денелерін  көріп «шабуыл  тұтқиылдан, әрі жаудың күші басым болған» деп қорытынды жасады. Себебі, бұлардың   бәрі  Европадағы  талай  елдерді  бағындырған  «СС» – әскерінің нағыз баскесер  басқыншылары  еді. Егер  сол кезде 20 адамды, 20 жасар  қыздың   бір  өзі жайратып  тастады  десе де, олар сенбес еді.

Мәрия Байда   1922 жылы  1 ақпанда  Қырымдағы  Жанқай  қаласында, қырым татарының  отбасында  дүниеге келді.1941 жылы  соғыс   басталғанда  медбикелер  даярлайтын  курсты  бітіргесін  майданға сұрана  бастады. Жазған  рапорттарында: «немістерді  көптеп  өлтіргім келеді» деп жазды. Соғыстан  кейін  өз естелігінде Мария: «жазықсыз  балалар, әйелдер, қарттарды аяусыз  қырғаның  көргенде,  жүрегім  қарайып әрі қатайып кетті» деді.

 Ақыры, Мәрия  Байданы  барлаушылар  ротасына  қабылдайды. Бірде  жау  тылынан  «тіл»  әкеле жатқанда, ол айқай  шығарып, атыс  басталып  бір адамынан   айырылады. Кінәлі  кіші сержант  М.Байда  болып шықты, немістің  аузына шүберек тығыңды дұрыстап  тықпапты. Командир  Марияны  3 күнге  гауптвахтаға    қамайды, бірақ  екі сағат  отырған соң  қайтадан штабқа  шақырылды. Еңгезердей  обер-ефрейтор  өзін  алма-кезек  көтеріп   келгендердің бірі қыз  екеніңе  сенбей  көрсетіңдер  әйтпесе  атып тастаңдар  депті. Қаршадай   қызды  көрген, ол түңіліп   кетіп  керекті  мәліметтерді беріпті,  құнды  «тіл»  әкелгені  үшін   Мәрияға   алғыс  жариялады.

          1942 жылдың 7 маусымында  Севастопольге  қарсы шабуыл  басталды, Мәрия  және басқа да жауынгерлер өздеріне бекітілген   шепте  ауыр  шайқасқа  түседі, патрондар   таусылғасың   окоптан  шығып  жаудың  өлген  солдаттарының   автоматтары  мен  патрондарын  жинап  еңбектеп келе жатқанда, граната  жарылып   есінен   айырылып   қалады. Түнде  есін  жинағанда   топырақпен  көміліп   қалғаның, әрі   жарақат  пен  контузия  алғаның білді. Жан-жағына қарай бастағанда,  анадай   жерде  қолға     түскен   өз жауынгерлерін  ойпат  жерге иіріп қойып, олардың  құжаттарын  қол фонарь  жағырымен  оқып  тұрған  бір  топ   немістерді  көрді. Мәрия  көп ойланбастан  немістің  «Шмайцер» автоматымен, бір  жерге  шоғырланып  тұрғанын пайдаланып  оларға оқ жаудырды. Автомат  оғы   таусылғанда  лақтырып   тастап,  өзінің  дискілі  «ППШ»  автоматының дүмбісімен  немістерді  оңды-солды   ұрып сұлата  бастады,  тұтқынға  түскелі  тұрған   қаруластары  да  қолма-қол  айқасқа  кірісіп кетеді. Бәрі  біткесін  өз адамдары  Мәрияның   бір өзі  немістің  1офицері мен15 солдатын  атып өлтіргенін, ал төртеуін  басынан ұрып өлтіргенің  санап шықты.Осылайша       Қызыл  Армияның  1 офицері мен 8 солдатын бір өзі құтқарып өз ротасына  қосылды.

          Алған   жарақаты  мен  контузиясынан  емделіп  госпитальда  жатқанда, 1942 жылдың14 маусымдағы КСРО  Жоғары Кеңесі  Президумының   Жарлығымен  өзіне   Кеңес   Одағының  Батыры  атағы  берілгенің  газеттен   оқып білді.

         Жау  қайтадан Севастопольге  ұмтылған   1942 жылдың 20 маусымда  Мәрия  госпитальдан қашып шығып  өз ротасына  қосылды, бірақ көп соғысқан  жоқ,  24 маусымда  қоршауда қалып жау  қолына  түсті. Бастапқыда  Батыс Украйнадағы  Ровно  қаласындағы   концлагерьде  болады, қашу  үшін  астыртын  ұйым құрады,  алайда  сатқындықтан  әшкере  болып  ұйым  басшысы  Ксения  Каранец   атылып, Мәрияны  Австриядағы  Зальцбург  түбіндегі концлагерьге этаппен жібереді.

            Бұл  жақтада  да астыртын ұйым  құрады, гестапо  біліп қалып неше түрлі  азаптау түрлерін қолданса да, ұйым мүшелерін айтпай  бар  жауапкершілікті  өз  мойнына  алады, 1945 жылы 8 мамырда одақтастар  армиясы   азат  еткенде, төрт ай   бойы  гестапоның   мұздай  карцерінде жатқандықтан  Мәрия туберкулезге  шалдыққанды, емделіп болғасын еліне қайтарылды.

             1946  жылдан бастап  өзінің   туылған  қаласы  Жанқайда асханада даяшы болып істейді. Күйеуге  шығып  екі балалы болады. Бірақ,  Мәрия өзінің   1942 жыл  Кеңес  Одағының  батыры атағы алғаның  ешкімге айтпады.

             Кейін, әсерлеп айтқанда «марапат өз батырын тапқанда», өзі қорғаған  Севастополь  қаласына шақырылып, АХАТ-бөлімінің   меңгерушілігіне тағайындалады. 1961 жылдан бастап  25 жыл бойы  1986 жылға дейін осы қызметте болғанда, 60 мың адамға  «неке туралы куәлігін», 70 мың сәбиге «туу туралы  куәлік»  табыс еткенін әрдайым мақтанышпен айтатын. Ал соғыстағы ерлігі туралы ешкімге  айтпастан   2002 жылы 30 тамызда 80 жасында  қайтыс болды. Мәрия  Байда қайтыс болған соң  жерлеу комиссиясы газетке некролог жазар кезде соғыс кезіндегі ерлігін, 1942 жылы батыр атағына ұсынылған  парағынан  оқып білген.

              Қазалыдан шыққан Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев та, оғы таусылғанда автомат дүмбісімен 20 фашисті ұрып өлтірген болатын, екі батырдың тағдыры неткен ұқсас еді.

                                      Бақытжан  Түменбай,

                                     тарих пәнінің мұғалімі,

 Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<