Әлемнің «бүртүрлі» заңдары

713

0

Массагет порталы «Әлемде талай қызық бар» айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықты бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз. 

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #5

♦ Аустралияда қалада қара киім киюге тыйым салынады. Тіпті, Бэтмен костюмін киюге де рұхсат жоқ.

♦ Мексикада біреудің мұртына күлуге болмайды. Тіпті ол суретте болса да…

♦ Монтанада әйелі күйеуіне келген пошта хабарламасын немесе хаттты жасырғаны үшін жауапқа тартылады;

♦ Индиана штатында сарымсақ жеген азамат төрт сағатқа дейін қоғамдық көлікте жүре алмайды. Мәдени демалыс орындарына баруға тыйым салынады;

♦ Арканзас штатында сағат алтыдан кейін ит үруге тыйым салынған;

♦ Бирмада үйде заңсыз компьютер ұстайтын адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін;

♦ Жапонияда императордың бұйрығымен 1603 жылдан бастап жүзу пән ретінде мектеп оқулықтарына енгізілген;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #4

♦ Италияда юбка киген ер адам қамауға алынады, ал Шотландияда ерлердің юбка киюіне рұқсат берілген;

♦ Францияда шошқаны «Наполеон» деп атауға болмайды;

♦ Сингапур көше тазалығы бойынша әлемде бірінші орында. Көшеге қоқыс тастайтын кез келген адам (тіпті қарапайым қағаздың бір бөлігі) 600 доллар айыппұл төлейді. Сондықтан да бұл жерде сағыз сатуға тыйым салынған. Бұл елге сағызды сату үшін алып келетіндер 5500 доллар айыппұл төлейді немесе 1 жылға бас бостандығынан айрылады;

♦ Джолитте (Иллинойс штаты) дүкенге кіріп, алтыдан астам көйлек киіп көрген әйел қамауға алынады;

♦ Әлемдегі алғашқы авторлық құқық туралы заң 1710 жылы Англияда пайда болды;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #3

♦ Әлемде алғаш рет 1151 жылы Исландияда оба мен өрттен сақтандыру жүзеге асырылды;

♦ Вашингтонда салынып жатқан ғимараттар Вашингтон ескерткішінен биік емес. Қалада мұндай заң жоқ болса да ғимарат салушылар осындай дәстүрді ұстанады;

♦ Швейцарияда орден мен медаль жоқ. Осылайша олар өз азаматтарын заң бойынша тең көретінін дәлелдеуге тырысады;

♦ Кембридж заңы бойынша көшеде теннис ойнауға қатаң тыйым салынады;

♦ Уругвайда 1992 жылға дейін дуэльге рұқсат етілген;

Әлемде талай қызық бар: адам сенгісіз деректер #2

♦ Швецияда ит иесі бойына қарай салық төлесе, Норвегияда иттің ұзындығына байланысты салық алынады;

♦ Замбия заңы бойынша туристерге пигмий (қысқа) адамдарды суретке түсіруге тыйым салынады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/sport/bul_kyzyk/65447/

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз