Ғалым ғибраты

1282

0

Ауыл шаруашылығын механикаландыру саласының ғалымы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР еңбегі сіңірген ғылым қайраткері Мұқтар Рахымұлы Алшынбай Қызылжарманың түлегі еді.


Атасына да, әкесіне де ғылым қонған ұстаздар. Алшынбай мешіт ұстаған діни сауатты молда, жас ұрпақты оқытып, сауаттандырып түрлі мамандық бойынша дәріс берген. Ал Рахым Бұқарада, «Көкілташ» медресесін тәмамдап, Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып, араб, парсы тілдерін жетік меңгерді. Содан кейін, ҚазПИ-ден мамандық алды. Мұқтар «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ғылым жолын таңдады. Ізденіс жасап, маңдай терін төкті, көз майын тауысты.
Сырда туып, Алатаудың бөк­те­ріндегі Алматыны мекендеп, өзі таң­даған және тәмамдаған маман­дықтың ұлы жолына, ғылымның шыңына шықты. Ғылымға ұмтылған жастарға бағыт беруден еш жалықпады.


Мұқтардың өмір жолы, жастық шағы өте қиын кезеңмен – ашаршылық, қуғын-сүргін жылдарымен тұспа-тұс келді. Екінші дүниежүзілік со­ғыс бас­талған кезде бала бо­латын. Ел басы­на төнген ауырт­палықты сезініп, аш-жалаңаш жүріп, ауыр еңбекке ара­ласты. Қармақшы ауданындағы Ақжар МТС-та ме­ханизатор болды. Сол кездегі трак­тор, молотилкалардың бұзылған же­рін жөндейтін маманның бірі еді.

Механизатор бола жүріп, елді ауыр қол жұмыстан құтқарып, өнімді жұмыс істеуге мүмкіндік тудыратын машиналарды армандады. Сол арман жетелеген ол орта мектепті бітіріп, Алматыдағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының меха­ни­каландыру фа­культетіне оқуға түсті.
Білімге құштар, ауыл шаруашы­лығы өндірісіндегі қол еңбекті тех­ника қуатына жүктеуді алдына мақ­сат етіп қойғандықтан, студент кезінде-ақ ғылым жолына бет бұрды.


Оқуды қызыл дипломмен бітірген Мұқаңды 1951 жылы институт бас­шылары оқытушы-ассистент етіп алып қалды. Жұмыс істей жүріп Ле­нинградтағы ауылшаруашылық инс­титутында аспирант болды және 1955 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Сол кезден бастап Қазақ ауылшаруашылық инс­титутының «Ау­ыл­шаруашылық ма­ши­налары» ка­фед­расының меңгерушісі қыз­метін атқарды.
1969 жылы Мұқаң өзі туған Сыр жерінде өсетін негізгі дақыл – кү­рішті өндіру-жинауды механика­лан­дыру тақырыбында докторлық дис­сертация қорғады. 1973 жылы про­­фессор атағын алды. Бұл – Қа­зақстан ауыл шаруашылығы меха­низациясы бойынша тұңғыш док­тор­лық диссертация. Мұқаңның не­­гіз­гі жұмысы Алматыда болса да Қы­зылордадағы МИС және Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ма­мандарымен тығыз байланысын үзбеді. Алқаптың агротехникасына қа­тысатын техникаларды сынау нә­тижелері үнемі назарында болды.


Социалистік Еңбек ері Амангелді Ахметов: «Саналы ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Мұқтар Рахым­ұлы өндіріске енгізген ғылыми жаңа­лықтары мен техникаларын біз­дің машина сынау станциясында (МИС-те) сынақтан өткізіп, оны қолданысқа енгізетін едік. Ғалым­ның оң нәтижелі ұсыныстарын бас­шылыққа алып, талапқа сай уақы­тында орындағандықтан, облыс бо­йынша үнемі алдыңғы қатардағы ша­руашылық болдық. Бабына кел­тіріп өңдей білсең, Жер-ананың бе­рері көп, жақсы күтім жасай білсең, күріш дақылы саған бақыт сыйлайды. Дәл осы қағиданы басшылыққа алып мен бақытымды таптым» деуші еді.


Мұқтар ағаның ғылыми еңбек­терінің тағы бір арнасы ауылша­руа­шылық агрегаттарының, мал фер­маларында қолданылатын құ­рал­дардың мал азығын, жем-шөп да­йындау және оны өңдеуді механикаландыру мен жетілдіруге негізделген. Осы мақсатқа арналған құрал-жабдықтар әліге дейін қол­даныста. Мұқаң біздің облыстағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының орта­лығы саналатын Арал өңірі агроэко­логиясы және ауыл­ шаруашылығы ғы­лы­ми-зерттеу инсти­тутының ме­ха­­никаландыру бө­лі­мінің жұмысына жетек­шілік жа­сады. Нәтижесінде күріш өндірісін меха­никаландыру, жер өңдеу, тұқым себу, арам шөптен арылту, егін жинау және дәнді сұрыптау, тазарту жұмыстарына жүргізілген ғылыми-зерттеу мол өнім алуға қол жеткізді.
Білікті мамандарды тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді дамытуға ерекше мән беріп, оқулық кітаптар, бірнеше сөздіктер мен т.б. көптеген ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды. 150-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы, 8 авторлық куәлік иесі, 8 монография мен өндіріске енген 8 ұсыным авторы, бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталды.


Мұқаң жастарды білімге баулып, талабын жетілдіруге мән беруі арқасында ғылым кан­дидаттары мен докторларын дайындады. Мұ­қаңнан дәріс алған шәкірттері Сейілбек Шаухаманов, Ибрагим Әбибуллаев сынды Сыр елінің азаматтары. Байзақ Момынбаев, Сәтбай Рахметов, Әнуар Тәжібайұлы, Серік Аханов, Болат Көптілеуов, Арыстанбек Ермағанбет… Бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
демиясы Шығыс бөлімінің секциясын басқарды. Ре­сей ауыл шаруашылығы ғы­лымдары акаде­миясының корреспондент-мүшесі бол­­ды. Бұдан бөлек, Мұқаңның мерей­­той­лары, ғылыми еңбектерінің құнды­лығы өз деңгейінде аталып өтті.


Бұл шаралардың бәрі – Сырдың түлегі Мұқтар Рахымұлына көрсе­тілген құрмет. Халқына, ғылымға ең­бек сіңірген, алғысқа бөленген Мұқтар ағаның бойындағы еңбек­сүйгіштік, кісілік қасиет, парасат ұшан-теңіз еді. Мұқаң Ләйла Меңді­ханқызымен дүниеге 2 қыз, бір ұл әкелді. Оларға тәлім-тәрбие берді, оқытты, ғылымға баулыды. Ұлы Серік – техника ғылымдарының докторы, про­фессор, қызы Зәуре – ағылшын тілі, экономика саласының жоғары білімді маманы. Кіші қызы Айнұр – профессор, экономика ғылымдарының докторы.


Мұқаңның ауылшаруашылық ғы­лымына қосқан үлесін дәріптеуді де, жазуды да келешек ұрпақ үлесіне қалдырамын. Есімін ардақтап, өне­гелі өмірі мен ғылымға сіңірген ең­бегін келешек ұрпаққа жеткізу үшін Қызылорда қаласында билборд ор­натылса, бір мектепке ол кісінің есімі берілсе деймін. Сонымен қатар туған жері Қызылжарма ауылдық округінен бір көше атауы берілсе екен. Ға­лымның жерлестері бұл игілікті ша­раны қуана-қуана қабылдап, мақтан тұтар еді.

Қапан НАҒАШЫБАЕВ,
еңбек ардагері,
қалалық қоғамдық
бақылаушы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<