Рашидовтың өліміне әкеп соққан қасірет

609

0

Кеңес Одағының тарқағанына 30 жыл толу қарсаңында

… 1984 жылдың қаңтар айы. Мәскеу түбірдегі Серпухов қаласының мақта тоқыма фабрикасының теміржол тұйығына Өзбекстанның Жизақ шаһарынан 4 вагон келіп тоқтады. Құжаттар бойынша бұл вагондарда Серпухов фабрикасына өткізу үшін мақта шикізаты тиелген деген жалған ақпар толтырылған еді. Шиындығында төрт вагон да бос болатын. Вагондағы «мақтаны» қабылдап алғаны үшін мәскеулік фабрика директорына өзбекстандық өнім өткізуші 40 мың рубль пара ұсынды. Бұл сол уақыттың өлшемі бойынша өте құнды ақша еді. Салыстырмалы түрде айтқанда, 1984 жылдың нарқымен 40 мың рубльге Мәскеуде кооперативтік төрт пәтер сатып алуға немесе қылмыстық кодекс бойынша ату жазасына кесілуге болатын еді, дейді осы істі тергеуге алған заңгерлер.

            Серпухов өндірісінің басшысы ақшадан бас тартып, өзбекстандық әріптестерінің үстінен КГБ-ге шағым-арызды бұрқ еткізді. Осылайша кейін күллі Одақ пен шетелге мәлім болған «мақта ісі» бойынша тергеу жұмыстары күрт сипат алып кете барды. Осының барлығы одақтық КГБ-ның тергеу материалдарынан алынған деректер еді.

          Кеңестік коррупцияның Өзбекстандағы қасіреті кейін Рашидовтың өзін-өзі өлтіруіне әкеп соқты. Иә, біздің тарихымызда осындайда – осындай қасіреттер болды. Бұл жалпы жоспарлы әэкономиканың шикілігі еді. Ал қазір ше? Түйені түгімен жұтып жатыр. Субвенция, тағысын тағылар дейсіз бе, миллиардтаған теңгелер желге ұшып жатыр. Біз нарық экономикасын осы үшін құрдық па? Айтыңызшы ағайын?

Жолдасбек АҚСАҚАЛОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<