Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қатты дауыл тұрып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік облыстарда сенбі және жексенбі күні жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал ауа температурасы кей жерлерде нормадан 2-4°С төмен болады деп күтілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<