Ақсайда Қызылорда облысының тұрғыны жерлесін пышақтап тастады

539

0

Ақсай қаласында Қызылорда облысының тұрғыны жерлесін пышақтап тастады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 21 мамыр күні шамамен сағат 18.00-де болды. Қызылорда облысының 1993 жылғы тұрғыны 25 жастағы жерлесінің қолы мен кеуде тұсына пышақ сұққан.

«Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне (ауыр дене жарақатын келтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде жәбірленуші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде Ақсай қаласының 4-шағынауданында ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастағаны жөнінде жалған ақпарат таралуда. Бұл аудиожазба шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған мәлімет таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тұрғындар есіне саламыз», – деп хабарлады ведомстводан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<