Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

609

0

Фото: Ақорда

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ҚР Тұңғыш президентінің ескерткіші алынып тасталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «ҚР Ұлттық қорғаныс министрлігі» болып өзгерді.

— Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университеті аумағында орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті ескерткішін ҚР Қарулы күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейі ғимаратына көшіру туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс мекемелерінің бірінің ғимаратында уақытша сақталып тұр. Дайындық амалдары аяқталғаннан кейін ол музей ғимаратына қойылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<