
«Есепті мерзімде аудан бойынша 393 нәресте дүниеге келді. Халық санында өсім бар. Бұл біз үшін зор қуаныш,-деген аудан әкімі аудан халқына ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 9 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет және аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері қызмет көрсетіп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған Ақжарма ауылында дәрігерлік-амбулатория тамыз айының соңына дейін пайдалануға берілетінін жеткізді.
Жалпы, ауданның денсаулық сақтау саласында барлығы 728 қызметкер, оның ішінде 76 дәрігер, 369 орта буынды қызметкерлер қызмет атқаруда.