Қазалыда «ағаш отырғызу» акциясы өтті

294

0

Қазалылықтар ел көлемінде жарияланған «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» атты республикалық экологиялық акциясына атсалысып жатыр.

Бұл күні Жанқожа батыр кесенесінің маңына 200-ден аса әртүрлі ағаштар отырғызылды. Игілікті іске аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан бастаған Әйтеке би кенті әкімдігі және дербес бөлім қызмектерлері ұйымшылдықпен атсалысты.

Айта кетейік, республикалық ағаш отырғызу акциясы аясында егілген ағаштармен Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қамтамасыз етсе, «Эко-Сервис-Консалтинг» ЖШС егілген ағаштарға су құюға қол ұшын берді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<