Қазақстан Азия ойындарындағы төртінші алтынды алды

260

0

Джиу-джисту спортынан қазақстандық Дархан Нұртаев Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

62 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз финалда БАӘ-нің өкілімен шығып, айласын асырды.  Азиада-2018 ойындарында Қазақстан үшін бұл 36-медаль, төртінші алтын. Ұлтты құрама қоржынында жеті күміс және 25 қола бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<