Қазақстанда 2019 жылы халық санағы қалай жүргізіледі

286

0

Қазақстанда 2019 жылы халық санағы қалай жүргізіледі Қазақстанда 2019 жылдың қараша мен қазан айларында халық санағы жүргізілмек. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 3-ші мәрте өткізілетін халық санағының бұрынғылардан өзгешеліктері ҚР Ұлттық экономика министрлігінде түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына берілген жауапқа сүйенсек, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңына, «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Үкімет Қаулысына, сондай-ақ әлемдік деректермен салыстырмалылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда халық санағы он жылда бір рет жүргізіледі. «Тәуелсіздік алған соң Қазақстанда халық санағы 1999 және 2009 жылдары екі рет өткізілді. 1999 жылғы санақтың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың саны 14 981 281 адамды, ал 2009 жылғы өткізілген санақ нәтижесі бойынша 16 009 597 адамды құрады», – делінген жауапта.
2015 жылғы маусымда БҰҰ 2020 жылы халық санағының кезекті раундын жүргізу керектігін жариялаған. БҰҰ ұсынымын назарға ала отырып, Бішкекте ТМД Мемлекеттерінің Басшылары Кеңесінің 2016 жылғы отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде кезекті халық санағын 2020 жылға барынша оңтайлы мерзімде – 2019 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы қазанды қоса алғанда жүргізу туралы шешім қабылданған. «Осыған байланысты Қазақстанда кезекті халық санағын өткізу 2019 жылдың қараша айына жоспарланған. Соңғы онжылдықтағы халық санағын жүргізу практикасы оларды ұйымдастыру және жүргізу үшін әдіснамалық тәсілдердің сапалы өзгерістерді қажет ететіндігін көрсетті. Елімізде санағыш құрылғыларды (сканерлер) пайдалана отырып толығымен қағаз түріндегі формулярлар арқылы жүргізілген алдыңғы санақтарға қарағанда, 2019 жылғы халық санағы дамыған елдер арасында алғашқылардың бірі болып технологиялық инновацияларды, атап айтқанда, интернет желісі арқылы және портативті-есептеуіш құрылғыларды (планшетті компьютер) пайдалана отырып, дәстүрлі әдіспен өткізу жоспарланған», – делінген ресми жауапта. Кезекті халық санағын ҚР ҰЭМ Статистика комитеті еуропалық статистиктер конференциясының және халықаралық ұйымдардың зерделенген ұсыныстарын ескере отырып өткізуді жоспарлауда. Нақтырақ айтқанда 2019 жылғы халық санағы: 1-П «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі»; 2-Ж «Тұрғын үй жағдайлары»; 3-И «Жеке»; 4-В «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша, 12 айдан кем тұратындар»  (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар; тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары) санақ парақтары арқылы жүргізілетін болады. Аталған санақ парақтарының жобасы қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік мекемелермен талқылау сатысында. Осыдан кейін санақ парақтары қоғамдық талқылауға ұсынылмақ.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<