Қазақстандық боксшылар Ұлттар кубогында 13 медаль жеңіп алды

292

0

Қазақстандық боксшылар Ұлттар кубогында 13 медаль жеңіп алды Сербияның Врбас қаласында жасөспірімдер арасында екінші рет ұйымдастырылған «Ұлттар кубогы» турнирі аяқталды. 15-20 тамыз аралығында өткен Сербиядағы халықаралық жарысқа 26 елдің өкілдері қатысып, 200-ден астам спортшы бақтарын сынады. Байрақты бәсеке Драго Йовович атындағы спорт кешенінде өтті.  
Турнирге 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер қатысты. Көбі Еуропа елдерінің өкілдері. Олар үшін бұл турнир алдағы Еуропа біріншілігі алдындағы жақсы дайындық болып отыр. Сонымен қатар, жарысқа АҚШ пен Маврикия елінің өкілдері, Азия құрлығынан Қазақстан, Өзбекстан және Индия спортшылары қатысты.  
Финалда 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетіп, халықаралық турнирдегі үздік нәтижені көрсетті. Жас боксшыларымыз 7 алтын, 1 күміс, және 5 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынды иеленді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Сұлтан Бабаханов финалда АҚШ боксшысы Брион Каротерсті жеңіп, турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Ал Нұржан Амангелді (63 кг) ақтық кездесуде АҚШ спортшысы Касин Голдстоунды жеңіп, сапалы бокс көрсеткені үшін марапатталды.
 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Ерболат Сабыр (50 кг) – алтын Алмаз Ұзыханов (54 кг) – алтын Сұлтан Бабаханов (60 кг) – алтын Нұржан Амангелді (63 кг) – алтын Әмир Болатов (66 кг) – алтын Евгений Приходько (75 кг) – алтын Аманат Сабырғали (+80 кг) – алтын Ерасыл Танкай (52 кг) – күміс Бауыржан Сәтжанов (57 кг) – қола Мейіржан Айдар (60 кг) – қола Илья Киселев (70 кг) – қола Ерасыл Жакпеков (75 кг) – қола Георгий Аушев (+80 кг) – қола

massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<